«Самұрық-2016» аяқталды

  • 08.03.2016

ҚР Кубогы үшін «Самұрық-2016» қысқы ралли-спринті «Пегас» командасының жеңісімен және Андрей Амелиннің автоспортқа сәтті оралуымен ерекшеленді. Турнирдің нәтижесі бойынша Амелин/Елубаев пилоттар мен штурмандар арасында топ жарды.

7 наурыз, дүйсенбі күні Талдыкөлде Қазақстан Республикасының Кубогы үшін «Самұрық-2016» қысқы ралли-спринті аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде бәсекеге Астана, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Көкшетау және Ақкөлден келген 16 экипаж түсті. Олар «ICE PRO» (дөңгелек бұдыры 1.5 мм) бағын сынады.

№76 экипаж – пилот Андрей Амелин мен штурман Дархан Елубаев үшін бұл қатарынан қатысқан үшінші жарыс болды. Оған дейін олар классикалық ралли бойынша ҚР Чемпионатына (5 наурыз) және «Самұрық» ралли-спринтінің «Стандарт» санатына (6 наурыз) қатысты. Физикалық және эмоциялық ауырталық пен көлікті әр жарысқа бейімдеу оңай болған жоқ. Жуырда өткен «стандартта» жеңіске жету үшін 100% күш салған экипаж, жарыстың соңғы күнінде тек «қолаға» жетті, сонымен қатар Геннадий Огай сыйлығына арналған жарыста жеңіске жетті.

Дархан Елубаев, штурман:

– Біз сәл қателескен екенбіз. Бірінші секция кезінде мен өз жұмысыма басымдық бердім. Нәтиженің көңіл толарлық емес екенін көрген соң Андрейдің жүргізуін байқай бастадым. Ол стандартты резинадан бұдырлыға әлі бейімделген жоқпын деп ойлады. Мен көліктің пилот қалағанындай басқарылмай келе жатқанын да байқадым. Сондықтан ол абайлап жүрді. Кей жерлерде қатты бұрылмады. Кейін Андрей өзін жайлы сезініп, соңғы арнайы жерлерде жеңіске жеттік. Жалпы біздің оралуымыз осындай әсерлі болғанына көңілім толады, – деді.

Андрей Амелин, пилот:

– Біз маусым аралыққа жақсы көңіл-күймен қадам бастық. Қысқы маусымның сәтті аяқталғанына көңілім болады. KZRC (классикалық ралли бойынша ҚР Чемпионаты) «стандарты» мен 1-кезеңде жеңіс қоржынымызда. Әрине, «ICE-PRO» жеңіске жеткім келген. «Қола» келесі жылға жеңіске деген түрткі болады, – деген ойымен бөлісті.

Марапаттау рәсімінің ұзақтығы жарыс күнімен бірдей болған сыңайлы. Солтүстік-шығыстан соққан ызғарлы желге қарамастан, ҚР Кубогы үшін қысқы ралли-спринтінің он санат бойынша жеңіске жеткендердің барлығы марапатталды.

Владимир Бородин, ҚР автомотоспорт Федерациясының вице-президенті:

– Жалпы жарыс ойдағыдай өтті. Ауа райы өз сынағын жүргізді – жел де, салқын күн де болды, мұз бір еріп, бір қатты. Трассада су көп болды. Өзім жүріп көрдім сүңгу қайығынмен жүргендейсің. Өте қиын болды және бұл жақсы да. Ұйымдастырушыларға, отандық автомобиль спортының демеушілеріне алғыс білдіргім келеді, – деді.

Командалық есепте «Пегас» командасы басты сыйлық – қола Самұрық құсына ие болды. Жыл сайын жаңа жеңімпазға табысталатын Кубокты Андрей Амелинге алдыңғы жарыстың жеңімпазы, жарыс директоры, «SRC-Power» командасының басшысы Денис Аксенов табыстады.

– Барлық сәттіліктермен қатар, «Junior» жаңа класының сәтті өткенін айта кеткім келеді. Ерте ме кеш пе «стандарт» категориясын толықтыратын жаңа автошабандоздар өз сыйлықтарын алу үшін шыққан кезде көзіне жас алардай күйде болды. Елордалық автоспорт федерациясының спорттың техникалық түрлерінің дамуы мен ілгерілендіруіне қосқан үлесі бұл, – деді.

Мараптаттау рәсімі үшін құрылған подиумда жеңімпаздар ұзақ кідірген жоқ. Үш жеңімпаз команданың салмағынан ол сына бастады.

Қысқы маусымның нәтижесі бойынша «Стандарт» толық жетек» санатында Андрей Амелин үздік автошабандоз атанды. Ал, Дархан Елубаев атанған санатта үздік штурман болды.

Ұйымдастырушы Астана қ. «Sport Racing Club» ЖҚБ: ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитетіне, Астана қ. Әкімшілігіне, ҚР АвтоМото Спорт Федерациясына, Астана қ. Туризм, дене тәрбиесі және спорт Басқармасына жарыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Қосымша ақпарат +77054232920 телефон номері бойынша немесе www.samuryk.org  сайт арқылы беріледі.