Мұзға шегемен шықты

  • 24.02.2016

20-21 ақпан күндері Алматы қ. жоғары тау шатқалындағы “Медеу” мұз айдынында мұз үстіндегі мотожарыс бойынша Әлем Чемпионатының екінші кезеңі өтті. Жеңімпаз атану үшін додаға әлемнің 7 елінен келген 18 “мұз гладиаторы” қатысты.  Қиын да қызықты жарыс жолына Қазақстан, Швеция, Австрия, Германия, Ресей, Чехия және Финляндия мотошабандоздары шықты.
Елордалық раллиші Андрей Амелин бұл шараға кездейсоқ барды. “Спидвейге бару ойы болды, алайда жоспар бойынша өз жаттығуларымды жасап, Қазақстанның ралли бойынша чемпионаттың 1 кезеңіне дайындалуым керек болды. Алайда, өмір өз өзгерістерін енгізді. Механиктеріміз автокөліктердің дайындығын тағы бір тексеру үшін жаттығуды тоқтатты. Осылай, әлем жұлдыздары қатысатын бұл дүниежүзілік доданы көрудің сәті түсті”.
Амелиннің сөзінше, ірі халықаралық жарыстардың ұйымдастырылуы үлкен қызығушылық тудырады. Айта кету керек, биылғы жылғы жарыс Қазақстанның автомотоспорт Федерациясы және алматылық “Mobilex Sport Club” көмегімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мұздың сапасы мен жарыстың нәтижесі, барлық қатысушылар – спортшылардың, көрермендердің және журналистердің көңілдерінен шықты.
Петер Тимм, “Schweriner Volks Zeitung” неміс газетінің тілшісі:
– Газеттегі жұмыстан өзге, мен спорт жарыстарын ұйымдастырумен айналысамын. Бұл жолы Чемпионатқа жеті адам болып келдік. Әрине, бізді сіздің қалаңыз бен оның маңындағы көркем табиғаты таң қалдырды. Әсіресе, Медеу мен Шымбұлақтың табиғаты ерекше. Спидвейдің ұйымдастырылуы туралы айтар болсам, барлығы өз деңгейінде өтті. Келесі жылы міндетті түрде тағы келемін, – деді.
Әрине, ралли-спринт те, спидвей де мұзда және бұдырлы дөңгелекпен өткізілгенімен, екіуі екі түрлі жарыс… Алайда, мұндағы адреналинді тіпті салыстырудың өзі жөнсіз шығар! “Мұз гладиаторлары” өздерінің батылдығымен Андрей Амелинге ерекше әсер етті.
– Ең бірінші және қатты әсер қалдырғаны, бұл жігіттер, былайша айтқанда “жүрек жұтқан”…))) Өз басым мұндай аса қауіпке өзін қалай тігуге болатынын білмеймін?! Дегенмен, мінекей біздің әлемде ондай адамдар бар екен, – деді Андрей. – Өз көзіммен көрмейінше, бұл қорқыныш сезімін білмейтін жас жігіттер деп ойладым. Олар ешкім үшін уайымдайды, ешкімге қамқор емес деген ой болды. Сайып келгенде, мен секілді отбасы, балалары бар ересек, орта жастағы адамдар екен. Алайда, бұл жэерде қауіп-қатер өте жоғары. Менің көзімше қазақстандық мотошабандоз ұшып кетті. Оны тректен жедел жәрдем алып кетті.”
Мұндай драмалық оқиғалардан басқа, өйткені мұндай сәтсіздіктер әр жарыста болып тұрады, Әлем Чемпионатының бұл кезеңі көрермендердің есінде өзінің көркемділігімен, аса жылдамдығымен есте қалды, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жарыс жолына төрт бірдей мотоцикл шыққанда асқан қуаттылық, шегелі дөңгелек адреналинді жоғарлатады бұл сәтте!
Жарыстан кейінгі баспасөз конференциясы барысында ҚР автомотоспорт Федерациясының Президенті Марат Әбіқаев келесі жылғы жарыстың Алматыда өтуін үлкен шыдамсыздыңпен күтетін көрермендер мен жанкүйерлерге жағымды жаңалық айтты.
Марат Әбіқаев, ҚР автомотоспорт Федерациясының Президенті:
– Бұл ерекше әсерлі оқиғаның 2017 жылы ғана емес, басқа да жылдары өткізу жөнінде Халықаралық мотоцикл федерациясымен келісімге келдік. Мұндай жарыстар спортқа еліктіреді. Жыл өткен сайын адамдардың назары көбейіп келеді. Мұзда өтетін мотожарысты көріп, естен кетпейтін әсерді алу үшін жарысқа қазақстандықтарды шақыра алатынымызды мақтап тұтамыз, – деді сөз соңында.

 

Ақпарат Алматы қ. Чемпионат кезеңі баспасөз қызметінің ресми ақпараты бойынша дайындалды. Фото Халықаралық мотоцикл федерациясынан (FIM)