КҮМІС АЛТЫН ОРНЫНА
Бейне: PRP шығармашылық студиясы
Фото: Мейірман Смағұлов
24 қаңтар 2016. Астана. «Самұрық-2016» қысқы ралли-спринт бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының 1 кезеңі көрерменнің көптігімен ерекшеленбеді. Соған қарамастан, ҚР Кубогының 1 кезеңіне қатысу үшін Астана, Алматы, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды және Ақкөлден 44 экипаж (88 адам) келді. Өкінішке қарай, жарыстың екінші күнінде аяз бен ызғарлы жел онсыз да аз көрермендерді қатарын сейілтті. Талдыкөл көлінің мұзында автоспорт сүйер қауым ғана қалды: спортшылар, журналистер, асситанс және кейбір жанкүйерлер.
ҚР автомотоспорт Федерациясының вице-президенті Владимир Бородин ұйымдастырылған турнирге көңілі толық екенін жеткізді. «Бұл жылы трасса да, жалпы барлығы жақсы дайындалған. Тек, көліктерге бекітілген нөмірлер бойынша ескертулер болды. Ереже бойынша нөмір қара түсті сандармен жазылған ақ төртбұрыш түрінде болуы керек. Ал мен көк, қызыл түсті нөмірлерді байқадым. Барлық пилоттарға ескерту жасалды. Келесі жолы нөмірлері ережеге сай келтірілмеген көліктер жарысқа жіберілмейді. Бұл төрешілердің толыққанды жұмыс істеу үшін қажет», – деді ол.
«Самұрық» ралли-спринт бойынша ҚР Кубогы үшін жарыс он санат бойынша өткізілді: «стандарт төрт жетекті», «стандарт артқы жетекті», «стандарт алдыңғы жетекті», «Самұрық-Junior – төрт жетекті», «Самұрық-Junior – алдыңғы жетекті», «Самұрық-Junior – артқы жетекті», абсолютті есеп және «ICE PRO моно» (бұдыры 1.5 спорттық жіңішке доңғалақты), «ICE PRO төрт жетек», «Абсолют ICE PRO». Толық нәтижемен «Қорытынды хаттама» қосымшасынан танысуға болады.
№ 76 астаналық экипаж – пилот Андрей Амелин және штурман Дархан Елубаев үшін ұзақ үзілістен кейін спортқа қайта оралу сәтті болды. «Стандарт» және «абсолют» санаттарында экипаж екінші болып келді (арнайы уақыты 1:02:52). Жарыс үздігі қарағандылық № 3 экипаж – Виталий Сапожников пен Борис Мачкаляннан 55 секундқа қалды.
Ралли-спринттің 1 кезеңінде басталған «ICE PRO төрт жетек» және «Абсолют ICE PRO» жаңа жарыс түрлерінде экипаж Амелин/Елубаев үшінші орынға тұрақтады. Былтырғы жылғы «Самұрық» ралли-спринтінің жеңімпаздары көкшетаулық Әсет Кударов пен Павел Шумиловтан 4 секунтқа қалып қойды. Бірінші орында Астананың 9 нөмірлі Санжар Омаров пен Руслан Жұбасов. Екі күндік дода нәтижесінде командалық есепте Андрей Амелиннің экипажы кіретін «Пегас», «стандарт» және «ICE PRO төрт жетек» бойынша жеңімпаз атанды.
Өз ойымен бөліскен Андрей Амелин:
– Нәтиже көңілімнен шықты, өйткені өз күшімді сезіндім. Соңғы кездері өзіме сенімсіз болған едім, алайда бүгінгі жарыс барлық сезімдерім қалпында, барлығы дұрыс екенін аңғартты. Өзімнің бапкерім ралли бойынша Ресей чемпионы Алексей Лукьянюкке алғысым шексіз. Ол арнайы келіп, мені жарысқа дайындады. Жарыс басталарда қоңырау шалып, демеу болды, бұл өте құнды, – деді.
«Самұрық-2016» ралли-спринт бойынша ҚР Ашық Кубогы үшін жарыстың келесі кезеңі 12-14 ақпанда Павлодар қаласындағы Усолка өзенінде өтеді. Қатысушылардың айтуынша, ол жердің мұзының өз ерекшеліктері бар. Табиғат ерекшілектірінің бірі – бірден байқалмайтын бұрылыстар бар. Бұл экипаждың қаншалықты бірін-бірі түсінетіндігін, жүргізуші штурманды жақсы тыңдайды ма жоқ па осының барлығын аңғартады.
Астана қаласының «Sport Racing Club» ЖҚҚ ұйымдастырушылары жарысты өткізуге көмектескені үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері Комитетіне, ҚР АвтоМото Спорт Федерациясына, Астана қаласының әкімшілігіне, елорданың Есіл ауданының әкімшілігіне сондай-ақ, Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт Басқармасына алғыс білдіреді.