Павлодарда «Самұрық 2016» ралли-спринті бойынша Кубогының 2 кезеңі өтті
2016 ж. 13-14 ақпан күндері Павлодардағы Усолка өзенінде «Самұрық 2016» ралли-спринті бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының 2 кезеңі өтті.
Павлодарда ұйымдастырылған ҚР Кубогы үшін қысқы ралли-спринті жарысының 2 кезеңі уәде етілгендей қызықты өтті. Жоғары жылдамдық, трассаның кездейсоқ бұрылыстары және өте қатты бәсекелестік. Ауа райы кесірінен (таңертең аяз, күндіз күн жылы) Усолка өзініндегі мұз қатысушыларға босаңсуға мұрша бермеді. Қатысушылар: «Мұз ойқы-шойқы. Салдарынан трасса тіс сындыратындай болды. Барлық көліктердің аспасына әсер етті», – дейді.
Павлодардағы «Самұрық-2016» ралли-спринтінің 2 кезеңі «халықаралық деңгейде өтті» деуге болады. Жарысқа Қазақстанның алты қаласынан 47 экипаж келді: Астана, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей және Омск (Ресей).
ҚР Кубогына арналған «Самұрық» ралли-спринті бойынша өткен жарыс жаңа маусымда 10 категорияда өтті. Олардың екеуі жаңа – Junior және ICE PRO. «Стандарт толық жетекті», «стандарт артқы жетекті», «стандарт алдынғы жетекті», «Самұрық-Junior – толық жетекті», «Самұрық-Junior – алдынғы жетекті», «Самұрық-Junior – артқы жетекті», абсолютті есеп және «ICE PRO моно» (бұдыры 1.5 мм спорттық жіңішке дөңгелек), «ICE PRO толық жетекті», «Абсолют ICE PRO».
Елордалық №76 экипаждың командасы – пилот Андрей Амелин мен штурман Дархан Елубаев үшін Павлодар қаласындағы екінші кезең сәтті өтті. Бірінші күні өткен «Стандарт толық жетекті» және «абсолют» кластарында экипаж 1 сағат 8 минут 11 секунд уақытпен сенімді жеңіске жетті. Екінші уақытты №77 экипаж көрсетті. Қарағандылықтар – Мачкалян Борис/Мирзоев Сеймур. Олар жеңімпаздардан 26 секундқа қалып қойды. Қатысушылар мәре сызығына жеткен кезде уақыттары бірдей болып көрінді!
Андрей Амелин «Стандарт толық жетекті» класы бойынша жеңімпаз:
– Жылдамдық аса жоғары, оны жоғарлатуға мүмкіндік беретін жолдың тік, жақсы бөліктері болды. Қарсыластар арасындағы уақыт айырмашылығы бар болғаны бірнеше секунд. Бұл – экипаж, көліктердің дайындық деңгейінің айтарлықтай жоғарлағанын байқатады, бұл да өзінше бір серпіліс берді, – деген ойда.
«ICE PRO толық жетекті» және «Абсолют ICE PRO» атты жаңа кластарда, экипаж Амелин/Елубаев екінші орынға тұрақтады. Олар мәре сызығына №9 экипаж мүшелері Санжар Омаров пен Руслан Жубасовтан 1 минут 10 секундқа қалып жетті.
Ал командалық есепте «Пегас» командасы екі күндік тартыс нәтижесінде «стандарт» және «ICE PRO толық жетек» жарыстарында бірінші орынға ие болды. Команда құрамында Андрей Амелиннің экипажы да бар.
«Самұрық-2016» ралли-спринтінің соңғы, ақырғы кезеңі наурыз айының бірінші күндері Астанада өтеді. Алайда, ұйымдастырушылар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Осындай жылы да шуақ күндер тұрған жағдайда Талдыкөл көлінің мұзына көліктердің шығуы мүмкін болмайды. Қиындықтар қатысушыларды да күтіп тұр. ҚР АМСФ және ралли-спринтінің ұйымдастыру комитеті бірден екі ірі жарыс өткізбек. Нәтижесінде «Самұрық-2016» финалы ҚР классикалық ралли KZRC жарысына сәйкес келеді.
Ұйымдастырушылар – Астана қ. «Sport Racing Club» ЖҚБ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитетіне, ҚР АвтоМото Спорт Федерациясына, Павлодар қаласының әкімі және әкімшіліктің баспасөз қызметіне, Павлодар қ. Туризм, спорт және дене тәрбиесі Басқармасына жарыс өткізуге көмектескендері үшін алғыс білдіреді.