Қателікке хақы жоқ
Фото: Дәурен Мұхамеджанов
20 қаңтар 2016 ж. Астана. «Самұрық-2016» қысқы ралли-спринт бойынша ҚР Кубогы қарсаңында ұйымдастырушылар баспасөз мәслихатын өткізді. Қатарына Андрей Амелин кіретін ұйымдастырушылар «Нұр Отан» Партиясыны баспасөз орталығында белгілі жарыстың жаңашылдықтары туралы айтып берді.
Ұйымдастырушылардың бірі Денис Аксенов жарыс туралы:
– Біз «Самұрық» ралли-спринт ережелеріне бірқатар жаңашылдық енгіздік. Жарыс үш сатыда өтетін болды. Олар: «Junior», «стандарт» және «ICE PRO». Жаңасы – «Junior». Оған барлық спортшылар қатыса алады. Екінші, үшінші санаттағы спортшылармен бірге 14 жастағы жас өспірімдер де бағын сынай алады. Жарыс арасындағы «ICE PRO» ережесі бойынша пилоттар міндетті түрде арнайы киімде болуы шарт, өйткені ол ең жылдам жарыс түрі – деді.
«ICE PRO жарыс түріндегі өзгерістер оны 2017 жылы болатын ел чемпионатына енгізу мақсатымен жасалды» дейді ұйымдастырушылар. Ол үшін моно және төрт жетекті класстар бойынша 6 қатысушы жеткілікті. Кейін маусым соңында чемпиондар «ҚР спорт шебері» атағын алады. Әрине, ол «спорт шеберіне үміткер» болуы керек. Мұндай келісім Қазақстан автомотоспорт федерациясымен жасалып қойған.
Биылғы жылы жарыс форматы әдеттегідей төрт емес, үш кезеңнен құралды. Оған дейін үш үздік нәтиже есептелетін, олай болса, биыл қателікке жол жоқ. Енді, жеңіске жету үшін барлық үш жарыста үздік нәтиже көрсету өте маңызды.
Бұл туралы Андрей Амелин былай дейді:
– Бұл жылы «Самұрық» тағы да Павлодарда өтеді. Маған Усолка өзеніндегі Павлодар трассасы ұнайды. Ол жердің мұзы да, табиғаты да қызықты. Жергілікті ландшафтқа байланысты жолда бірден байқалмайтын көптеген жабық бұрылыстар кездеседі. Сондықтан бұл жағдайда экипаждың жұмысы, пилот штурманды қалай тыңдайдығы сыналады.
Бұл жарыстың тағы бір ерекшелігі – «Самұрықтың» үшінші кезеңі классикалық ралли бойынша ҚР чемпионатының бірінші кезеңімен тұспа-тұс келетіндігінде. Олар наурыз айында өтеді.