Үздік жаттығу – «Ледовое побоище»!

  • 08.02.2016

«Самұрық-2016» ралли-спринтінің екінші кезеңі қарсаңында автошабандоз Андрей Амелин соңғы жылдары «Самұрық» ралли-спринті өтікізіліп жүрген Талдыкөл көлінде жаттығу өткізбек болды. Алайда, жарыстың 1 кезеңі екі апта бұрын өткен еді. Сол себепті бүгінде жолды қар басып қалған. Жолды тазартуға шыққан тракторшы жаттығу өткізуге үлкен кедерді болатынын байқаған.…
– Таңертең маған тракторшы қоңырау шалып, жол жаттығу жасауға жарамайтынын айтты. Жолдың жағдайы қандай екенін анықтау үшін, ол жерге өзім бардым. Расымен де жаман екен. Көл жарылып кеткен, су ағып жатыр. Бірнеше күн жөнді аяз болмағандықтан, жарықтан аққан су қатып үлгермепті. Сондықтан да, жаттықпастан «Ледовое побоище» жарысының екінші кезеңіне қатысу үшін Қарағандыға аттандым, – дейді Андрей.
Жексенбі күні таңда өзінің «Эволюшн» жарыс көлігіне прицеп тіркеп, Қарағандыға жолға шығады. Таңғы сегізге таман басқа автошабандоздар жаттығып жатқан стартқа жетеді. Андрей аз уақыт жаттығып, жарысқа қатысады. «Стандарт» төрт жетекті кластағы жарысқа қатысу үшін 8 экипаж тапсырыс берген екен. Елордалық пилот екінші орынды жеңіп алып, жарыстың бірінші кезеңдегі «күмісті» қайталайды.
– Техникалық жағынан ақау болды, бірақ «Ледовое побоище» алаңын жақсы жаттығу жүргізетін орын деп білемін. Жарысты, былай айтқанда «кең көлемде тек бірқатар адамдарға таныс» дегенге қарамастан, көлікті дайындау, жаттығу үшін бұл жер өте қолайлы, – деп есептейді Андрей Амелин.
«Самұрық-2016» ралли-спринтіндегідей, «Ледовое побоище» жарысында дода ICE PRO санатында да өтті. Онда 5 экипаж бағын сынады. Бұл санатта Андрей Амелин екінші орынға ие болды, нәтиже көңілінен шықты.
– Әдеттегідей ең жақсы жаттығу бұл жарыс деймін. Машинамды одан әрі жақсы түсінетін болдым, кейбір техникалық ақауды анықтадым. «Самұрық-2016» ралли-спринтінің екініші кезеңіне дейін оларды жоямыз. Сондықтан да сенімді жүретін боламыз. Жеңіске жетуге тырысамыз, – дейді автошабандоз.
«Самұрық-2016» ралли-спринті 13-14 ақпан күндері Павлодардағы Усолка өзенінде өтеді. Естеңіріңізге сала кетейік, Андрей Амелин жарыс жолына ұзақ уақыт демалыстан кейін қайта оралды және жаңа маусымға үміті зор.