БАРЛЫҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ

  • 17.01.2016

Бейне: Алиақпар Қадырбаев
Фото: Владимир Бахуревич

Маусымның басталуы алдында «Самұрық» ралли-спринтінің тарихи отанында Андрей Амелин жаттығу жүргізді. Спортшы үшін қалыпты жағдай болса да, Амелин үшін емес. Біріншіден, Андрей автоспортқа ұзақ үзілістен кейін оралды, екіншіден, жаттығу Ресей чемпионы Алексей Лукьянюктің қадағалауымен өтті.

Біз жаттықтырушы мен тәлімгерге жаттығудың екінші күнінде бірінші күннен кейінгі автомобильдің өзгеруін тексеріп жатқанда кезіктік.

– Тәжірибесі мол екені байқалады, көлікті сенімді жүргізеді және жүргізу техникасын өзгертудің қажеті жоқ. Мен тек, Андрейдің біліктілігін тиімді қолдану үшін кей нәрселерге аса мән беруге нұсқадым. Барлығы ерекшеліктерге байланысты. Жүргізуші белгілі бір жетістік көрсете бастағанда, нәтижеге әсер ететін ерекшеліктер пайда болады. Яғни, ол онсыз да тез жүріп келе жатып, жылдамдықты одан да арттыру үшін оған бір нәрсені өзгертуі керек болады, – дейді Алексей Лукьянюк Амелин туралы.

Жаттықтырушының пайымынша, барлығы Андрейдің ынта-жігеріне, көңіл-күйіне және тәжірибесіне байланысты. Қазір, кей тұстар өзгерген кезде  оларға дайындан болып, ерекше жаттығу керек.

«Самұрық-2016» ралли-спринт бойынша ашық Кубогының Бірінші кезеңі 23-24 қаңтарда Астанадағы «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығының  маңындағы Талдыкөл көлінің мұзында өтеді.