Мен туралы

Амелин  Андрей Андреевич

885608_106090442914520_1379663608_o1980 жылдың 10 сәуірінде Целиноград қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген.

Спорт шеберіне үміткер.

2008 ж. раллиден Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен  чемпионатының жеңімпазы, 2010 және 2011 жж. «Самұрық» ралли-Спринтінің жеңімпазы.

2006 ж. автокросс бойынша ҚР, 2011 ж. жылдамдықпен мәнерлеп жүргізу бойынша вице-чемпион.

2007 және 2008 жж. «Самұрық» кубогының, 2009 және 2011 жж. «Астра» жазғы чемпионатының, 2012 ж. «Самұрық» кубогының күміс жүлдегері.

2012 ж. KZRC – Классикалық ралли чемпионатының   Қола жүлдегері.

Спортшының сайты www.andreyamelin.com

Автошабандоз Андрей Амелиннің спорттық өмірбаяны 2006 жылы «Sport Racing Club» спорт командасының құрамында басталды. 2006 жылы тәжірибесі аз жүргізуші бола тұра, жарыс автөкөлігінің тізгініне отырған ол айтарлықтай нәтижегі қол жеткізді – ҚР автокросс бойынша өткен Чемпионатында жеңіске жетіп, 2 орынға ие болды.

Амелиннің карьерасындағы бірінші үлкен жеткен жетістігі 2008 жылы өткен Қазақстан мен Өзбекстанның біріккен чемпионатындағы жеңісі болды. Ол кезде Андрей чемпион титулын штурман ретінде иеленді. Алғашқы жарыстарды естелігі: «Мінберде өзімнің  пилотымның қасында тұрған кезде, автоспорт – менің құмарлығым екенін түсіндім. Одан да үлкен нәтижеге қол жеткізгім келді, жаңа нысананы көздедім. Жай болса да, біртіндеп дегеніме жетіп келемін», – дейді Андрей Амелин.

Кейін басқа да жетістіктер, сәтісіздіктер тіпті, спорттан кеткен сәттер болды. 2012 жылы Амелин жарыстарға қатысқан жоқ. Соған қарамастан, жаттығуды тоқтатпады.  Осылай Андрей жуырда Конядин су қоймасының мұзында раллиден белгілі жаттықтырушы Ресей чемпионы Алексей Лукьянюкпен шеберлігін шыңдады. Алексей Лукьянюк пилот туралы өз ойын былай деп білдірді: «Тәжірибесі мол екені байқалады, көлікті сенімді жүргізеді және жүргізу техникасын өзгертудің қажеті жоқ. Мен тек, Андрейдің біліктілігін тиімді қолдану үшін кей нәрселерге аса мән беруге нұсқадым».

«Самұрық» қысқы ралли-спринтінің тәртібіне өзгеріс енгізілуі Андрейді 2016 жылда бағын сынап көруге ниеттендірді. Жаңа маусымда америкалық автошабандоз Бобби Анзердің сөзі Андрей үшін ұранға айналды: «Жетістік — бұл дайындық пен мүмкіндіктің кездесетін жері!»

 

Ралли-спринт бойынша ҚР Кубогының Ұйымдастыру комитеті